Елімізде бюрократия көбейген
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі былтыр 910 өтінішті қарап, 350-ден астам қызмет алушының құқығын қорғады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 80%-ке көп. Қағазбастылық әсіресе жер қатынастары, сәулет, денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау салаларында белең алған. Мәселені мемлекеттік қызметтегі басшылар санының көп болуы да ушықтырып отыр. Агенттік төрағасы орынбасарының сөзінше, кей органдарда 4 басшыға 1 орындаушыдан келеді. Бұл тиімділік пен жеделдікті төмендетеді, әрі қызметкерлерді ынталандыруға қаржылық мүмкіндіктерді қысқартады.