Ақмола облысында 80-ге жуық елді мекеннің инфрақұрылымы жаңарады
Биыл Ақмола облысында 80-ге жуық елді мекеннің инфрақұрылымы жаңарады.
Бұл туралы өңір басшылығы экономикалық-әлеуметтік мәселелері бойынша өткен кеңесте мәлімдеді. Ауқымды міедетің басым бөлігі «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асады. Ауылдық жерлерде жол және су құбырлары жөнделіп, жарық жүйелері жаңарады. Жаңа спорт және мәдениет нысандары бой көтереді. Ол үшін бюджеттен 18 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, ескірген ауыл мектептері мен амбулаториялар жөнделеді.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
- Осындай үлкен ауылдарға бүкіл жайлы жағдай жасап. Жол, жарық, жылу, мектеп, аурухана, мәдениет орталығын. Сосын сол қаламен ауылдың айырмашылығын азайту. Сондықтан біз сол жерлерге қосымша үй саламыз, көшем дегендерге. Жұмыспен қамтимыз. Ол мынау Бұланды ауданында сондай жобаны біз бастамақшымыз. Ол жерде бес үлкен ауылды біз белгіледік.