Биыл Жезқазғанда 57 көшенің жолы жаңарады
Ұзындығы 40 шақырым болатын жолды жөндеуге бюджеттен 4 миллиард 200 миллион теңге бөлінді.
Бұл былтырғы қаражаттан 1 миллиард теңгеге көп. Жоба сараптамадан өтіп, оң нәтижесін алған. Мемлекеттік сатып алу байқаулары наурыз айында болады. Орталықтағы 7 көшеге қиыршық тас қосылған мастикалық бетон қоспасы төселеді. Қаладағы 215 шақырым автокөлік жолдарының жартысы жөндеуді қажет етеді.
Нұрбол Садықов, қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:
- Автомобиль жолдарының 65 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Осы көрсеткішті жылдың аяғына дейін 69 пайызға өсірмекшіміз. Алдын ала барлық коммуналдық қызметтермен жұмыс жасау графиктері сәйкестендірілді. Яғни инженерлік желілерді жөндеу кезінде жол жұмыстарын қатарласып атқармау үшін.