Автобусты «жұтып қойған» жердегі құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды
«Майқайыңалтын» кенішінде тереңдігі 3 метр болатын шұңқыр пайда болды.
Тау жыныстарын қопарған экскаватор шұғыл түрде жер бетіне шығарылды. Жоғары қауіптілікке байланысты кеніште құтқару-іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетсек, қаңтардың 4-іне қараған түні «Майқайыңалтын» фабрикасының аумағында жер опырылып құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен. Оның ішінде болған төрт адамның екеуі әлі табылмады.