Астанада 80 мыңнан астам адам екпе алды

Астанадағы қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Жыл басынан бері мыңнан астам жағдай тіркелді. Дәрігерлердің айтуынша, ересектер көптеп ауыра бастаған. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, елордада тәулігіне 48 жағдайға дейін тіркеледі. Дерт жұқтырғандардың 70%-ке жуығы екпе алмаған. Қазір астанада қосымша егу іс-шаралары жалғасып жатыр. Бүгінде 80 мыңнан астам адам екпе алды.