«Майқайыңалтында» қауіп күшейіп тұр
«Майқайыңалтын» аумағындағы автобус құлаған жерде қауіп күшейді, деп хабарлайды 24KZ.
Георадарлық барлау топырақ құрамында ылғалдың көптігін анықтады. Бұл тау жыныстарының құлауына әкеліп соғады. Сосын қазылған аумақтан қуыс, бос кеңістіктер шығып жатыр. Енді арнайы комиссия бұл аумақты толық зерттемек. Өйткені жұмысты жалғастыру қаупі артқан. Әзірге техника мен құтықарушылар қалыпты режимде іздестіру жұмыстарын атқарып келеді. Аумақта қар борап, әрі суықтан құтқарушыларға оңай болмай тұрғаны да анық.
Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын құтқарушылар мінген автобус шахта маңында кенеттен опырылған жер астына түсіп кеткен еді. Автобуста ол кезде 4 адам отырған. Оның екеуінің сүйегі табылды. Ал жүргізуші мен тағы бір құтқарушы әлі күнге іздестіріліп жатыр.