Сырдария өзеніне қатқан мұз қалыңдығы 18 сантиметрге дейін жетті

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы тұсындағы Сырдария өзеніне қатқан мұз қалыңдығы 18 сантиметрге дейін жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл маңнан секундына 100 текше метр шамасында су өтіп жатыр. Мамандар су жайылуы мүмкін 5 қауіпті учаскені тәулік бойы бақылауға алған. Олардың тұсында Жосалы кентімен қатар Қармақшы, Иіркөл, Дүр Оңғар және Қызылтам елді мекендері орналасқан. Су тасқыны болған жағдайда 47 техника мен 100-ден астам адамды жұмылдыру жоспарланып отыр. 7 қабылдау, 5 жинақтау эвакуациялық бекеті дайын тұр. «Мұнан бөлек, тасқынға тосқын болу үшін 2 мың бау қамыс пен сабан, 7 мың дана қап пен басқа да инертті материалдың қоры бар», - дейді мамандар.

Дәуіржан Бисенбаев, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы:

- Осы елді мекендеріміз қауіпті болып саналады су тасқынына. Оларды қорғауға бізде 69,7 шақырым қорғаныс бөгеттері салынған. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерінің барлығы қанағаттанарлық жағдайда. Бұл бойынша біз тұрақы мониторниг жұмыстарын жүргіземіз. Барлық ауылдық округтерде су тасқынында бірінші кезекте пайдаланатын инерттік материалдар жасақталған, толық.