Жалған ақпарат таратқандар жазаланады
Павлодарда жалған ақпарат таратқан қаскөй іздестіріліп жатыр.
Өткен демалыс күндері әлеуметтік желілерде қала мектептерінде қылмыстық әрекет жасалады деген хабарлама тараған. Тұрғындарды дүр сілкіндірген ақпараттың кесірінен бүгін оқушылардың жартысы сабаққа келмеген. Қазір мектептерде оқу штаттық режимде жүріп жатыр. Педагогикалық ұжым түгел жұмыс орнында. Күзет агенттіктері күшейтілген тәртіпке көшіп, полицейлер барлық мектеп жанынан кезекшілік ұйымдастырған.
Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:
- Осы факт бойынша полиция департаменті тексеріс жүргізуде. Құзыретті органдармен бірлесіп осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде. Бүгінгі таңда полиция оқу орындарында қауіпсіздікті күшейтуді қамтамасыз етуде.