Жастарды қолдау – келекшекті ойлау

Сонымен жастарды мамандығына, біліміне, біліктілігіне қарай қызметпен қамтамасыз ете алып жүрміз бе? 

Осы сауалға жауап іздеп көрейік. Былтырғы жартыжылдықта елде 900-ге жуық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған 70 мыңға жуық азамат пен 20 мыңға жуық жұмыс беруші қатысты. Нәтижесінде 57 мың тұрғын консультациялық қызмет алып, 6 мыңнан астамы жұмысқа орналасты. Бос орындарды субсидиялау ісі де қарқынды. Былтыр 335 мың жас Ұлттық жобаға қатысып, 250 мыңға жуығы жұмыс тапты. Оның 150 мыңы тұрақты қызметке кіріссе, 90 мыңы субсидияланатын жұмысқа тұрды. Атап айтсақ, 6 мыңға жуық жас әлеуметтік жұмыс орындарына кірді. 33 мыңнан астамы жастар практикасына, 40 мыңы қоғамдық жұмысқа тартылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 10 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 493 адам қатысты.