Мемлекеттік бағдарламалар. Блиц
Жастардың пікірін де назардан тыс қалдырмауды жөн көрдік.
Ендігі кезекті сауалнамаға берсек. Жастардан қандай мемлекеттік қолдау түрлері туралы білетінін сұрап көрген едік.
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Баспана, білім, жұмыс. Жастарды толғандырған түйткілдердің бастысы осылар. Әрине, бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар бар. Десе де қаншалықты жүзеге асып жатыр? Жұртшылықтың пікірін тыңдап көрейік.
- Мен де қазір жастардың санатындамын. Сондықтан белгілі бір деңгейде қолдау да, мүмкіндіктер де бар деп ойлаймын. Тұрғын үй бойынша «Елорда жастары» бағдарламасын білемін. Жалпы, түрлі аймақтарда бар.
- Еңбекпен қамтитын органдар бәрі жұмыс істеп жатыр. Оқу бітіргеннен кейін «Жастар практикасы» деген бар, «Алғашқы жұмыс орны» деген бар. Ал ол оны қолдану, әрі қарай іске асыру - әркімнің жеке шаруасы деп білемін.
- Төмен процент дейді ғой. Бірінші үй мәселесі, одан кейін жұмыс, әрине. Күшейту керек, әрине.
- Менің қызым Алматыдағы оқу орнында грантта оқып жатыр. Білімге құштар жастарға қолайлы жағдай жасалғанын байқаймын. Техникалық мүмкіндіктері де жақсы.