Астанаға үздік ирандық реставраторлар келді

Үздік ирандық реставраторлар – Астанада.

Олар қазақстандық әріптестерімен көне қолжазбаларды қайта қалпына келтіру мен жинап-жүйелеуде тәжірибе бөліседі. Ирандық реставтраторлар - каллиграфия өнерінің хас шеберлері ретінде әлемде жоғары бағаланады. Елімізге арнайы шақырылған мамандар көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды каталогтау, цифрландыру бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Іс-шара аясында «Ислам каллиграфиясы» көрмесі ұйымдастырылып, Иран елінің тарихи қолжазба мұралары көпшілік назараны ұсынылды.

Жандос Болдықов, қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры:

- Ол тек қана Қазақстанға ғана қызық емес, бүкіл әлем Түркия мен Иранның қайта қалпына келтіру жұмыстарына қызығады. Ерекшелігі олар дәстүрлі методикамен жұмыс істейді. Өсімдік пайдаланып, шөптерді, басқа да материалдарды пайдаланып, оларда қазір басқа да технологиялар пайда болып жатыр. Дегенмен олар дәстүрлі технологияны пайдаланады. Өйткені, қолжазбалар олар өте көне.  Олар шөптермен жазылған, алтынмен жалатылған, сондықтан олардың қалпына келтіру жұмыстары соған лайық.

Али Акбар Талеби Матин, ИИР-ның ҚР-дағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі:

- Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның тарихи қолжазбаларын қалпына келтіру, сондай-ақ, қос елдің тарихи-мәдени байланыстарын дамыту. Қазақстан Үкіметі ел тарихына қатысты маңызды архивтік құжаттарды жинау бойынша ауқымды жобаны қолдап отыр. Иран Ислам Республикасының бұл саладағы тәжрибесі мол. Біздің мамандар тәжірибе бөлісуге әрдайым дайын.