Семейдегі базарда өртпен күрес жүріп жатыр
Семейдегі базарда шыққан өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар мамандары таңғы сағат 3-тен бері қызыл жалынмен алысуда. Жалпы саны 400-ге жуық адам жұмылдырылған. Ал полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Айта кетейік, отқа оранған базар Семейдегі ең үлкен сауда орындарының бірі саналады. Мұнда екі жарым мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді.