Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға 20 мектеп салынады

Жаңа оқу орындары үш ауысымда білім беретін мектептер санын азайтып, 15 мың оқушыны қамтиды деп жоспарланған.

Атап айтқанда, Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушыға арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

2740 оқушыға арналған 5 мектеп

1200 оқушыға арналған 1 мектеп

8976 оқушыға арналған 11 мектеп

200 оқушыға арналған 1 мектеп

Екі мектепке қосымша корпустар