Жаңа үкіметке жаңа міндет. Алматылықтар пікірі
Мемлекет басшысы жаңадан жасақталған министрлер кабинетіне медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Тұрғындар Президенттің жол жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығына көңіл бөлу туралы бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізді.
Әміржан Таиров, қала тұрғыны:
- Көбінесе біз, өкінішке орай, жеке медицинаға жүгнінеміз. Өйткені өзіміздің мемлекеттік емханаларда түгелдей қызмет ала алмайсыз. Өйткені талон алу керек, жазылу керек оны бір ай күту керек.
Әлем Тілеубердіұлы, қала тұрғыны:
- Қазір мына қыс кезінде далада қалып жатқандар көп. Қар тазаланбай, жол жасалынбай жатыр. Соның бәрін шешсе. Инвестор тартып, жұмыс істеп, елдің бәріне жұмыс берсе, жұмыспен қамтыса халық жұмыс істейді.
Мұхтар Әшімханов, қала тұрғыны:
- Жауапкершілікті күшейту керек құрылыс компанияларына. Бақылауды күшейту керек. Бірақ енді бақылауды күшейтеміз деп құрылыс компаниялары жұмыс істей алмай жүрмесін. Компромисс болу керек үкімет пен бизнес арасында.