Ұлытау облысында ТЖД 25 елді мекенді бақылауға алды

Ұлытау облысында су басуы мүмкін деген 25 елді мекен бақылауға алынды.

3 мың адам тұратын бұл ауылдарда 600-ге жуық үй бар. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, биыл өңірде қар көп. Ақпан, наурыз айларында тағы да қар мен жаңбыр көп жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты көктемгі тасқынның алдын алу шаралары басталып кетті. Атап айтқанда, елді мекендерде қар шығару жұмыстары қарқын алды. Сонымен қатар мамандар арықтар мен суағарларды тазартып жатыр. Ал жалғыз тұратын зейнеткерлерге құтқарушылар мен еріктілер көмектеседі. Бұдан бөлек өңірде «Көктем - 2024» командалық оқу-жаттығу жиыны жоспарланған.

Есен Байыров, облыстық ТЖД бастығы:

- Бұл жұмыстарды жүргізу себебі су тасқынының алдын алу жұмыстары. Онда қардың қалыңдығын және де жердің тоңын және де мұздың қалыңдығы тексеріліп, нақты сол әрбір қала мен аудандардың нақты сандарды берілетін болады. Бұл енді ақпанның 20 - 25 - сіне белгілі болады.