Әлеуметтік көмек шын мұқтажға беріледі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент әлеуметтік көмектің кімге және қалай берілетінін түгел қайта қарау қажеттігін айтқан еді.
Яғни, көмекті шын зәру адам алауы керек. Қазір еліміз бойынша 4,5 млнға жуық адамға мемлекет қолдау көрсетеді. Оның басым бөлігі – еңбекке жарамды жандар. Мемлекет басшысы әлеуметтік көмекті адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықтау керектігін айтты. Атыраулықтар Президенттің бұл ұсынысын қолдап отыр.
- Cоны кейбіреулерге, қажет етпейтін, өзінде бар адамдарға да беріліп қалатын жағдайлар болады. Былайша айтқанда, масылдық деп жатамыз ғой, сондай бір психология қалыптасатын жағдайлар болады.
- Әлеуметтік төлемнің бәрін Президент бір жолға қойып, аражігін жіктеп, шын мұқтаж адамдарға берілу керек деген ұсыныс айтты. Мен оны қолдаймын. Атырау облысында да ондай адамдар көп болар, оны анықтау керек.
- Қазір қарап отырсақ, Атыраудың тұрғындарының дені жалақысы аз деп, көп жұмысқа бармайды. Сондай отбасылар әлеуметтік көмек алып отыр мемлекеттен. Меніңше, ондай тұрғындардың барлығын жұмысқа тартып, денсаулықтары жететін адамдарды жұмысқа орналастырып, мемлекеттік мұқтаждығынан алу керек. Шын мұқтаж адам әлеуметтік көмек алса болады.
- Мемлекет басшының Үкімет отырысында әлеуметтік көмек бағытында айтылған мәселесі өте орынды деп санаймын. Өйткені қазіргі таңда әлеуметтік көмекті алу үшін шын мұқтаждардан бөлек, жағдайы бар отбасылардың да тізімі шығып кетіп жатқанын естиміз.