Ақтөбе облысында 269 адам қар құрсауынан шығарылды
Ақтөбе облысында боранды күнде жол бойында қалған 269 адам эвакуацияланып, 150-ден астамы құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ.
Олардың арасында 14 бала мен шетел азаматтары да бар. Төтенше жағдай департаментінің өкілдеріне бұл жолы жергілікті атқарушы органдардан өзге, Ақтөбе әскери гарнизонының қызметкерлері де көмекке келді. Қар құрсауынан шығарылғандар бірқатар аудандағы жылыту пункттеріне орналастырылды. Қазірдің өзінде облыс бойынша 7 республикалық және облыстық маңыздағы жолдар жабық. Жедел штаб жұмыс істеп тұр. Ал мамандардың айтуы бойынша, өңірде бүгін де ауа райы нашарлауы мүмкін.