Қазақстандағы жердің 75 пайыздан астамы тозып кеткен

Сенатор Руслан Рүстемов бүгін осылай деп мәлімдеме жасады.

Айтуынша, топырақтағы зиянды тұздар мөлшерінің көптігінен, жер құнарсызданып жатыр. Әсіресе бұл мәселе Сыр жұртын қатты алаңдатып отырған көрінеді. Қазір Қызылорда облысында суармалы жерлердің 22,1 пайызы күшті, 33,6 пайызы орташа, 44,4 пайызы әлсіз тұзданған. Сенатор, өңірдегі ахуалды ескере отыра,  мамандандырылған топырақтану зертханасын ашуды ұсынды.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Санатының депутат:

- Елдегі күріш алқаптарының 90 пайызын қамтитын Сыр өңірінде тұзды жерлер аумағы ұлғайып, топырақтағы зиянды тұздар мөлшерінің өсуі салдарынан егіске қолайсыз жағдай қалыптасуда. Күріш егу көлемі қысқарған сайын, оның айналасында жұмыс жасап, отбасын асырап жүрген жұмысшы-механизаторлардың саны да қысқаруда. Сыр өңірінің топырақ ерекшелігіне байланысты күріш егілмесе, топырақтың екінші қайтара тұздану процесі күшейіп, баға жетпес суармалы жерлердің айналымнан шығу қаупі өте жоғары.