Бейбіт күннің батырлары
Бет қаратпайтын ақтүтек боранға қарамастан жедел көмек қызметінің мамандары тұрғындарға тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жүр.
Ақтөбе облысының Хромтау қаласының фельдшерлері белуардан асатын қарды кешіп, науқасқа жеткен.
Дәрігерлер жүрегі қысылған жанға бір сағатқа жуық жүріп барған. Қалың қардан көлік өте алмаған соң жаяу шығуға тура келіпті. Ал Мұғалжар ауданында құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін ақтүтек боранда 18 шақырым жүгіріп өткен. Жол талғамайтын көлікке ауыр халде жатқан Басшилі ауылының 73 жастағы тұрғынын салып-ап жолға шығады. Бірақ қарға адым жер көрінбеген соң төтенше жағдайлар департаментінің сарбаздары кезектесіп көлік алдында жүгіріп отырған. Науқас дер кезінде дәрігерлердің қолына табысталды.
Аслан Қасқырбаев, облыстық ПД рота командирі:
- Облыс аумағында бұрқасын боран әлі де жалғасуда. Сол себепті азаматтарды елді-мекендерден алыс жолға шықпауын сұралады. Жолдағы ахуал тұрақталғанша жолға шықпаңыз.