«Көктем-2024» оқу-жаттығуы өтті
Елде су басу қаупі жоғары 1079 елді мекен бар, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 228-інде қауіп сейілді. Дегенмен 217 аумақта жағдай әлі де алаңдауға тұрарлық. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің өткізген «Көктем-2024» оқу-жаттығуы барысында анықталды. Шара барысында көктемде су шаю қаупі бар мекендер айқындалды. Оқу-жаттығу кезінде арнайы қорғаныш бөгендері тексерілді. 8 мыңға жуық су өткізу құрылыстары, 3 мың шақырымнан астам канал мен арықтар тазартылды. Оған 14 мың 500-ден астам адам жұмылдырылды. 4,5 мың бірлік техника тартылды.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Оқу-жаттығуға 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің бөлімшелері және Ұлттық ұланның әскери бөлімдері, сондай-ақ волонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін функционалдық міндеттерді орындауға және төтенше жағдайларды жою кезіндегі құралдар мен күштерді басқаруға даярлау бойынша 2 кезеңде өткізілді.