Павлодар облысында балықтарды құтқару науқаны басталды
Павлодар облысында су айдындарын оттегімен байыту науқаны басталды.
Балық инспекциясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп өңірдегі өзен-көлдерде мұз ою жұмыстарын қолға алған. Өңірде 200-ден аса cу қоймасы тіркеліпті. Басым бөлігі тіршілік көзі бар тұщы су айдындары. Ал аэрация жұмыстары балықтарды жаппай қырылудан сақтайды.
Бұл кезінде Ертіс өзенінен бөлініп аққан Қаракөл өзені. Су қоры азайып кейін көлге айналған. Мұндай су қоймалары өңірде өте көп. Қуат Тұрсынханов ғылыми қызметкер. Ол ихтиофаунаны зерттейді.
Қуат Тұрсынханов, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Алтай филиалының Павлодар қаласындағы өкілі:
- Таяз көлде балықтар ауа жетпегеннен кейін қырылады. Ғылыми өкіл ретінде су қоймасындағы ауаның мөлшерін, судың температурасын өлшедім. Дәл қазір оттегі мөлшері 60 пен 75 процентті көрсетіп тұр. Ешқандай ауытқушылық жоқ. Су астындағы тіршілік үшін оңтайлы жағдай бар.
Қарлығыш Қасиетова, тілші:
- Су қоймасында балықтың оннан астам түрі тіршілік етеді. Қыстың ортасында мұз қабаты қалыңдап ауа тапшылығы туындайды. Балықты жаппай қырылудан аман алып қалу үшін осындай аэрация жұмыстарын жүргізу өте маңызды.
Облыс аумағында су айдындарының саны екі жүзден асады. Басым бөлігі тұщы су қоймалары. Оттегімен байыту жұмыстары қараусыз қалған өзен- көлдерде жүргіледі. Бүгінгі таңда 125 көл иесіз, яғни ешкімге бекітілмеген.
Нұржан Қазтай, «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
- Бекітілген су айдындарында табиғатты пайдаланушылар өзі міндетті өткізуге, жүргізуге. Біздің тарапымыздан бұл жұмыстарды қадағалап, бақылап отырамыз. Жалпы осы су айдындарында осындай жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде былтыр осы су айдындарында балық қырылу фактілері анықталмаған.
Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша балықты құтқару жұмыстары күз айларында да жүргізіледі. Өйтпесе Ертіс тасығанда пайда болған шағын көлшіктердегі шабақтар қырылып қалады.
Ермек Тәтенов, ауылдық округ әкімдігінің бас маманы:
- Ең үлкен өзендер міне Қарасу, одан кейін Пресное деген ауыл бар осы жерден 12 шақырым. Пресное деген өзен бар. Қалғандары енді кішкентай тоғайда. Күздің кезінде кішкентай балықтарды жинап, сол осы үлкен су қоймаларына лақтырамыз.
Қарасу көлінің тереңдігі 2,5 метр. Мұздың қалыңдығы бір метрге жуықтапты. Алғашқы күні 200-ге тарта шұңқыр қазылды. Бұл жұмыстар ерте көктемге дейін жалғасады.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков