Халықаралық теңге ілу федерациясы құрылады
Биыл халықаралық теңге ілу федерациясы құрылады.
Ұлттық ойынның өзге елдерде өткізілуі оның кеңінен танылып, әлемдік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Былтыр теңге ілуден Азия кубогына Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің спортшылары қатысып, бақтарын сынаған. Ал Қытайдың Үрімші қаласында жергілікті федерация ашылды. Астанада өткен алқа отырысында теңге ілу спортының ережелерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында ұлттық спортты дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар азамат Федерацияның алғыс хаттарымен марапатталды.
Амангелді Әбдіқадыров, «Теңге ілу» федерациясының президенті:
- 2024 жылы ең басты жоспар Дүниежүзілік көшпенділер ойынына жақсылап дайындалу, сол жерде жеңістен көріну. Халықаралық теңге ілу федерациясы осы жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.
Кенже Жанбота, Алматы облысы бойынша теңге ілу спортынан аға жаттықтырушы:
- Бұрын теңге ілуге немқұрайлы қарайтын. Қазір жер-жерлерде турнирлер, облыстық жарыстар өткізіліп жатыр. Нәтижесін көрсетіп жатыр. Жастар, ересектер ел чемпионатына қатысуда, фестиваль өтті.