Атырау облысында лауазымды тұлға күдікке ілінді

Атырау облысында басшылық қызметте болған лауазымды тұлға 2 миллион теңгеден астам пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды 24KZ.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық испекциясының экс-басшысы өкілеттігін пайдалана отырып, тауар тасымалдаушылардан ақша алып отырған. Оның бұл әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен облыстық прокуратура анықтады.  

Нұрлан Жахин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан пара алды деп күдіктенеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.