Қазақстанда жаңа шекаралық шектеу енгізіледі
Жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа тартқан шетелдіктер Қазақстанға кіргізілмейді, деп хабарлайды 24KZ.
Экстремистік немесе террористік әрекеті әшкере болғандардың да ел аумағына өтуі шектелуі мүмкін. Ол үшін Мәжіліс депутаттары халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды мақұлдады. Сондай-ақ құжатта аталған қылмыс түріне қатыстыларға Қазақстан азаматтығын бермеу де көзделген.