Жетісу облысында 73 адам қар құрсауынан шығарылды

«Сарыөзек-Көктал» бағытымен жолға шыққандар Алтынемел асуында тұрып қалған, деп хабарлайды 24KZ.

Көлігі қарға батқандарға құтқарушылар мен «ҚазАвтоЖол» мекемесінің мамандары көмектесті. Арнайы техникамен жеңіл авткөліктерді сүйреп, жылыту пунктіне жеткізді. Біраз адам сапарын жалғастырған.  Сонымен қатар «Үшарал-Достық» бағытындағы жолда 5 адам  құтқарылды. Олар медициналық көмектен бас тартқан.

Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты «Сарыөзек-Көктал», «Үшарал-Достық» жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.