Алматыда қоймадан шыққан өрт сөндірілді
Алматыда ірі базардың аумағында орналасқан қоймадан шыққан өрт сөндірілді.
Аумағы 3200 шаршы метр болатын нысанда бояу өнімдері сақталған екен. Өрт сөндірушілер алдымен қойманы оқшаулап, от тимеген материалдарды сыртқа шығарды. Жалынды сөндіруге арнайы құрамның 100-ден астам адамы жұмылдырылды. Отыз екі техника тартылды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жақын орналасқан қонақ үй мен көліктерді өрттен қорғап қалған. Қазір жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Арман Макенов, Алматы Қ. Жетісу аудандық ТЖБ басшысы:
- Қоймалардан газ баллондары эвакуцияланды. Шұғыл әрекеттердің нәтижесінде жапсарлас орналасқан автокөлік жуу бекеті мен қонақ үй ғимаратын өрттен аман сақталып қалды.