Алматыда ұшақтар кестеден кешігіп жатыр

Ал Алматыда кешелі бері ұштақтар кестеден кеш ұшып жатыр.

Күн райының қолайсыздығынан болған келеңсіздік бүгін де толық реттелмеді. Дегенмен, әуе команияларының өкілдері жағдай бақылауда екенін, жолаушыларға тиісті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Ас-сумен қамтылып, Алматы-Астана, Астана-Алматы бағыты бойынша 160 адам рейстің шегерілуіне байланысты қонақ үйлерге орналастырылған. Мамандар болған жайт үшін азаматтардан кешірім сұрап, әуежай қызметтерін қалпына келтіруге күш салынғанын хабарлады.