Еліміздің дербес бітімгерлік миссиясы
Голан Жоталары аумағында Қазақстанның дербес бітімгерлік миссиясы орналасады.
Ел Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында осындай уағдаластық бекіді. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Камалетдинов бастаған әскери делегация, БҰҰ Бас хатшысының жедел қолдау жөніндегі орынбасары Атул Харемен кездесті. Қос тарап бітімгерлікті дамыту мәселелерін талқылап, маңызды меморандумға қол қойды.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Қазақстан үшін бұл тарихи қадам. Егер бұрын біздің бітімгерлік контингентіміз басқа елдер бөлімшелерінің құрамында қызмет атқарса, енді бұл дербес миссия болмақ. Бітімгерлік миссияларға қатысу – әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттыруға ықпал ететін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі.