Ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан бойынша 8 қылмыстық топтың жолын кесті.
Арнайы операцияға ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура да қатысты.
Терроризмді насихаттап, адам ұрлау және есірткі заттарын тасымалдаған 23 адам ұсталды. Олардың ішінде теріс діни ағымды ұстанғандар да бар. Қазір 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерді тінту кезінде оқ-дәрілер, суық қарулар тәркіленді. Жалпы операцияны өткізуге 8 өңірдегі 250 күштік құрылым қызметкері жұмылдырылды.
Аркен Әбдіғали, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі:
- Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктеліп отыр. Қазір тергеу жұмыстары басталды.