Семейдегі көпірді арнайы мамандар тексереді

Семейде аспалы көпірдегі саңылауды арнайы мамандар тексереді.

Егер қауіп расталса, жобалық-сметалық құжат дайындалып жөндеу жүргізіледі. Бірақ бұл жағдайды тексерген жергілікті әкімдік өкілдері көпір қирамайды, қауіп жоқ. Күнделікті бақылау жасалады деп отыр. Еске сала кетсек, 16 ақпан күні үскірік аяздан көпірдің екі бөлігінде ұзындығы 70 миллиметрге жететін жарықтар пайда болған.

Әділбек Увасилов, қалалық жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі басшысының м.а:

- Деформациялық тігістердің ашылуы бұл ауа райының күрт төмендеуіне байланысты болды. Мұндай санаулар қалыпты жағдай. Қазіргі уақытта көпірге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Конструкциясына. Сондай-ақ Алматы қаласынан мамандар шақырылды. 20 ақпан күні толық тексеріс жүргізілетін болады аспалы көпірде.