БАӘ-ге ұша алмай отырған жолаушылар шағым жасады
Астанада Fly Dubai әуекомпаниясының жолаушылары Біріккен араб әмірліктеріне ұша алмай отыр.
Рейс 19 ақпанда таңғы сағат 5-те ұшуы керек болған. Бірақ ұшу уақыты бірнеше рет шегерілді. Ал жолаушылар бір тәуліктен астам әуежайда сарылып күтіп отыр.
Арнамызға хабарласқан көрермен әуе компаниясы оларды тамақпен де, сумен де қамтамасыз етпеді деп шағымданды. Сонымен қатар, туристер жоспарланған демалыстың 3 күнін жоғалтқан.
Бұл мәселеге байланысты біз Астана әуежайының баспасөз қызметіне хабарластық. Олар жолаушыларға демалыс бөлмесі берілген деп жауап берді. Сонымен қатар әуе айлағының бұл жағдайды шешуге өкілеттігі жоқ екенін де атап өтті.