ZHAS PROJECT. Ақтөбелік жастарға мол мүмкіндік
Жастарды кәсіпкерлікке баулуға арналған ZHAS PROJECT жобасы жалғасады.
Ақтөбе облысы бойынша 14 адамға бір миллион теңгеден қайтарымсыз грант беріледі. Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Әсіресе әлеуметтік осал топ өкілдері мен шалғайдағы ауыл жастарына ерекше басымдық беріледі.
Қазір грант байқауы туралы қала мен аудандарда түсіндіру жүріп жатыр. Үміткерлерден өтініштер қабылдау 24 наурызда басталып, бір айға созылады.
Былтыр облыс бойынша 300-ден астам жас, бизнес жоспарын ұсынып, нәтижесінде 14-і жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, бұл жоба еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.
Сәкен Құбайдуллин, ZHAS PROJECT жобасының тәлімгері:
- Уақыт бойынша бізде қазір 4 айға созылады. Сондықтан мына қатысамын деушілерге көбірек уақыт болады. Дайындалуға, түсінуге, бізден консультация алуға. Әлеуметтік жоба болуы керек. Мысалы, ол кружок тігін болуы мүмкін, кондитерский болуы мүмкін, т.б. әртүрлі. Қандай да бір әлеуметтік мәселені шешетін жобалар.