Озық ойлы жас көшбасшыларға жол ашылды
Кадрлық резерв озық ойлы жас көшбасшыларды қалыптастырып, білімді жастарды ынталандыруға мүмкіндік берді.
Осы арқылы білім көкжиегі кең мамандар мол тәжірибе жинағандарын айтады. Сондай-ақ, олардың көбі орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Жастар осы бағыттан таймай, елдің дамуына үлес қосамыз деп отыр.
Данияр Мұкитанов, эксперименттік жоба жетекшісі:
- Өз басым осы кадрлық резервтің арқасында үлкен тәжірибе жинадым. Көшбасшылық қабілетімді шыңдай түсті. Осыған дейін бірнеше жерде жоғары лауазымдық қызметте болдым. Халықаралық болашақ бағдарласы бойынша ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылды. Саланы цифрландыруға үлес қостық. Елге қызмет етуден жалықпаймын.