Жастар кадрлық резерві ынталы жастарға берілген мүмкіндік
Қоғамның түрлі саласындағы мәселелерді жедел шешуге жас буын да үлес қоса алады.
Білімді жастар - мемлекеттік қызметтің беделін биіктетеді. Сыннан сүрінбей өтіп, бүгінде бар жігерін ел игілігі жолына жұмсап жүрген Ерлан Ғалиевтің пікірі осыған саяды.
Ерлан Ғалиев, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасы:
- Мемлекеттік қызметті таңдаған адам бұл саланың жауапкершілігін жете түсінуі тиіс. Қызметте өзін-өзі ұстаудан бастап, шешім қабылдар кезде байыптылық керек. Осы тұрғыда Жастар кадрлық резеріне артылған үміт, жүктелген міндет зор. Сенім үдесінен шығуға барымызды саламыз.