1,5 мың үй бұзылады
Елде 56 мың көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1,3 пайызы яғни 791-і апатты жағдайда. Ал 4,8 пайыз болатын 2 мың 763 үйдің тозығы жеткен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше 2029 жылға дейін аталған үйлердің 1 мың 500-і бұзылады.
Сондай-ақ алдағы 5 жылда 40 мың адам жаңа баспанамен қамтылады деп жоспарланған. Осыған байланысты жыл сайын 230 көппәтерлі тұрғын үй жөндеуден өтеді. Өңірлерді жөндеу бойынша жол карталары бекітіліп қазірден жұмыс басталып кетті.