Ақмола облысында есірткі сатқандар ұсталды
Ақмола облысының Ерейментау ауданында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды.
Оның құрамында 3 шетел азаматы болған. Құқық қорғау органдары оларды жеке үйлердің бірінде қолға түсірді. Тінту кезінде мефедрон және прекурсор психотроптық заттары тәркіленді. Олардың салмағы 30 келіден асады. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Шыңғыс Әлекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
- Күдіктілер көршілерді күдік тудырмас үшін үйден тек қажет болғанда ғана шығып, үйдің периметрі бойынша ұйымдастырушының Wi-Fi желісіне шығатын бейнебақылау камераларын орнатқан. Сонымен қатар есірткі әзірлеуге арналған шикізаттар мен дайын өнімді сақтайтын гараж және автокөлік сатып алынған. Бұл мүліктердің барлығы көлеңкелі схемамен төленіп, шетелдік сатып алушының атына тіркелмеген.