Таразда таза суды пайдаланғандар ескерту алды
Таразда 300-ден аса кәсіпкерлік нысаны ауызсуды техникалық мақсатта пайдаланған.
Тіршілік нәрін ысырап еткендерді облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы анықтады.
Таза суды көлік жуу кешендері, қоғамдық моншалар мен бассейндер заңсыз пайдаланған. Бір жыл ішінде тұтынылған су көлемі 20 мың тоннаға жуықтайды. Әзірге барлық кәсіпкерлік нысанына ескерту берілді.
Ал заңсыз су берген «Жамбыл су» мекемесіне айыппұл салынады. Жалпы шаһарда ауызсуды екі монша мен жеті көлік жуу орталығының пайдалануға рұқсаты бар.
Еркін Әлмаханов, Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры:
- Кәсіпкерлерге ауызсу алуды заңдастыру жөнінде 1 маусымға дейін уақыт берілді. Егер одан кейін заңдастырмаса онда «Әкімшілік құқықбұзушылық» кодексінің 41-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынады. Ол – 40-260 АЕК аралығында.