Агроөнеркәсіп кешенін қолдау тетіктері. Графика
Ауыл шаруашылығын дамытуға жан-жақты қолдау бар.
Президент агроөнеркәсіп кешенін ел экономикасының тірегі қылуға басымдық беріп отыр. Үкімет былтырдың өзінде бұл салаға 1,2 трлн теңге бөлген. Осы қаражаттың жартысына жуығы субсидияға бағытталды. 460 млрд теңге шаруаларға жеңілдетілген несие ретінде берілді. 65 сүт-тауарлы ферма құруға және «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 100 млрд теңгеден жұмсалды. Қалғаны 350 мың тонна бидайды тікелей сатып алуға арналған.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдау тетіктері
Қаржы - ₸1,2 трлн
₸500 млрд - субсидия
₸461,6 млрд - жеңілдетілген несие
₸100 млрд - 65 сүт-тауарлы ферма құру
₸100 млрд - «Ауыл аманаты» бағдарламасы
₸31,3 млрд - бидай сатып алу
Былтыр қаңтар-қараша аралығында агроөнеркәсіп кешендерінен 3 трлн теңге шамасында азық-түлік өнімдері өндірілген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға жуық өсім байқалады. Атап айтқанда, 30 мың тоннаға жуық сары май, 40 мың тоннадай ірімшік пен сүзбе, 500 мың тоннадан астам өңделген сүт, 61 мың тонна шұжық және 600 мың тонна өсімдік майы шығарылған.