Елордада сот жүйесін жетілдіру мәселесі қаралды
Елордада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша бір-бірінен бөлінген үш кассациялық сот құрылмақ.
Бұл Жоғарғы Сотқа, сот практикасының біркелкілігін қадағалауға мүмкіндік береді. Оған соттар ішкі резервтер есебінен жасақталады. Бұл туралы мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Сарапшылар жүйені одан әрі реформалау мәселелерін талқылады. Қазір сот реформасына қатысты заң Парламент қарауында жатыр. Оған сот жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілмек. Сарапшылар азаматтық даулар бойынша кассацияға жүгіну 10 есе өседі деген болжам айтты. Ал жалпы, қазір Қазақстанда даулы мәселелердің 90% бірінші сатыдағы соттарда шешіледі.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы Сот төрағасы:
- Жоғарғы соттың өзінің заң ұсыну құзіреттілігі жоқ. Сондықтан бұл өзіміздің алдағы даму, реформа жасау мәселелерін тек осы профильдік комитеттердің депутаттарымен жұмыс барысында ғана мүмкіншілігіміз бар. Негізгі бағыттардың бірі бұл қылмыстық істер бойынша сот барысында дәлелді жинап тепе-теңдік сақтап екі жақта айыптау мен қорғаушы мәселесі Одан кейін азаматтық істер бойынша заңдылықтан басқа әділдік принцпін енгізу жөніндегі мәселелер, мынау әкімшілік істер бойынша бұл экстеритериалдық құзіреттілік мәселесін көтеріп жатырмыз. Мемлекет органдарға қарсы қаралып жатқан істердің 63 пайызын қанағаттандырып жатырмыз.
Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазірде мәжілісте екі заң жобасы қаралып жатыр. Барлығы сот саласына қатысты. Маңыздысы кассация сотын қайта қарау. Бұл қазір азаматтар қазіргі жүйеге толық қанағат емес. Олардың айтуынша сотта үш саты бар. Бірінші аппелация одан кейін кассация саты. Бірінші сатыдан өтсе, сот шешімімен келіспесе ары қарай аппелация сатысына өтеді, егер келіспесе ары қарай кассацияға өту керек. Ең соңғысы осы Жоғарғы Сот кассация соты шешімге нүкте қоятын. Ол деген үлкен реформа. Брталай қаржыны қажет етеді, судьялар саны өзгеруі керек.