Жетісуда кәсіпкерді бопсалағандар сотталды
Жетісу облысында кәсіпкерлерді қорқытып, бопсалағандар сотталды.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, құқық қорғау органдары қылмыстық іспен айналысқан топты ұстаған. Алдын ала сөз байласқан екі қылмыскер кәсіпкердің мүлкін өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушіден жарты миллион теңге алған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Алакөл аудандық соты кінәлілерді 4 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.