Қазақстанның 5G рейтингі жақсарды

Ұялы байланыс бойынша еліміздің Speedtest рейтингісіндегі көрсеткіші біршама жақсарды.

Интернетті тестілеу жөнінен көшбасшы саналатын Ookla компаниясы осындай тұжырымға келді. Компания жариялаған есептік баяндамада Қазақстандағы мобильді жүктеу жылдамдығы 61 процентке жақсарғаны келтіріледі. Желтоқсанда оның шапшаңдығы секундына 35,07 Мегабит–ке жеткен. Осылайша Қазақстанның рейтингісі 95-орыннан 72-орынға көтеріліп, Орталық Азияда көш бастады. Атап айтқанда, Алматыдағы 4G ең жылдам саналады. Бас шаһардан бөлек Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан оқ бойы озық шықты. "Ал елдегі абоненттердің тең жарымынан астамы 5G технологиясы қызметтерін тұтынуға дайын" делінген есептік баяндамада.