Дәрігерлер шекарадан тексерусіз өтуі мүмкін
Ақ халаттылар шекарадан тексеріссіз өтуі мүмкін.
Бүгін мәжіліс қабырғасында төтенше жағдай кезіндегі дәрігерлердің шекарадан өту тәртібін жеңілдету мәселесі қаралды. Ол үшін депуттаттар ТМД елдерінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады. Жаңа құжат күшіне енсе, дәрігерлер ТМД елдерінде көмек көрсету үшін емін-еркін жүре алатын болады.