Елімізде инновациялық агротехнологияларға басымдық беріледі
Елімізде 2026 жылға дейін 35 мың шақырым ирригациялық жүйеге су есептеу құрылғылары орнатылады.
Осылайша 600 миллион текше метрге дейін ағын суды үнемдеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысында өткен кеңесте Су ресрустары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. «Мұнан бөлек егіс алқабы үшін қазылған ұңғымаларға жұмсалған қаржының 80 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Алдағы уақытта ағын судың тарифін реттеу мәселесі де күн тәртібіне қойылмақ. Ол үшін әр дақылды суару нормасын бегітіледі. Су үнемдеу технологияларын енгізу үшін де мемлекет тарапынан қолдау тетіктері қарастырылады»,-деді министр. Бұл ретте Қызылорда өңірінде жаңбырлату, тамшылату әдістерін кеңінен енгізіп, жерді лазерлік тегістеу жалғаса бермек. Топырақтың ылғалдылығын сақтайтын органикалық заттарды да тәжіребиеден өткізу жоспарланып отыр.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресрустары және ирригация министрі:
- Су үнемдеу технологияларын пайдаланбай біз су тапшылығы мәселесін шеше алмаймыз. Қаражат мәселесі жалпы республика көлемінде биылғы жылы осы бағдарлама бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінде 120 миллиард ақша тұр. Инвест субсидия дейді оны. Тек қана жұмыс істеу керек, келісім шартқа отырып, жұмыс істеу керек. Жергілікті атқарушы органдар осының басында ұйымдастырып жүру керек.