Елордада Алғыс айту күніне орай салтанатты шара өтті
Оған қиын күндері қолұшын созып, жанашырлық танытқан жандарға жүрекжарды алғысын жеткізуге асық азаматтар жиналды.
Мәселен, Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев бір жыл бұрын бір-бірін тағдыр байланыстырарын білмеген еді. Көп жыл бұрын дәрігерлер Светланаға бауыр циррозы диагнозын қойған. Данияр созылмалы жүрек ақауына шалдыққан. Ағза ауыстыру операциясына мұқтаж екі жан бүгін міне донорлық орган табылғаны жайында қуанышты жаңалық естіді.
Светлана Каипова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бауырым екі рет алмастырылды. Біріші рет - 2013 жылы қызым донор болды. екніші операция 2023 жылы жасалды. Біз ештеңе білген жоқпыз, сұрастырдық. Туыстарына алғыс ақтқым келді, бірақ бізге ол жайлы ақпарат бермеді. Сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын, жанымды өз ұлым тұрған сияқты.
Данияр Байбулаев, Алматы қаласының тұрғыны:
- Іштей қобалжып тұрмын, айтарға сөзім жоқ. Бір донордан орган алған адамды кездестіремін деп ойламадым.