Бірыңғай уақытқа көшудің тиімділігі
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің қандай пайдасы бар?
Жаңашылдық ең алдымен халықтың денсаулығы үшін аса маңызды. Бұған қоса тұрғындардың белсенді жұмыс істеуіне оң әсер етеді. Пошта байланысы, логистика, жолаушылар тасымалы мен тұтас экономиканы ілгерілетуге ықпалы болады. Мамандар пікірі осындай. Ал мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты барлық рәсімдер бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады. Бұл да өз кезегінде жұмыстың нәтижелілігін арттырады.
Адам баласы үшін ең қымбат, ең құнды дүние – ол уақыт. Санаулы ғана минуттар бұрын елде бірыңғай уақыт белдеуі орнады. Бұл енді адам денсаулығы үшін өзінің тиімділігін көрсетеді, - дейді дәрігерлер. Себебі, әртүрлі уақыт белдеуі ағзаға айтарлықтай зиян келтіретін көрінеді. Атап айтқанда, мұндай келеңсіздіктердің соңы созылмалы аурулар мен қатерлі ісікке апарып соғады. Адам шаршаңқы, ашушаң болады. Ал бірыңғай уақыт орнағанда ағзамыздың қызметі реттеліп, аурушаңдық көрсеткіші төмендейді.
Бағай Назарбайұлы, терапевт-дәрігер:
- Жалпы уақыт белдеуінің өзгерісі біздің жасап жатқан жағрапиялық тұрғыдан қарастырғанда сәйкесетін болса ол пайдалы болады. Денсаулық үшін мысалы нерв жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне, имунитеттік қызметтің орнықты қызмет атқаруына сонымен бірге барлық ағзалардың қызметтерінің реттеле түсуіне сол тұрақты жағрапиялық құрылым ретінде орналасқан уақыт жүйесі денсаулыққа пайда алып келеді.
Иә мұның бәрі ұйқыға келіп тіреледі. Жақсы ұйықтап, демалған адам сергек, көңілді жүреді. Мысалы, ерте тұрып, таң атпастан мектепке баратын оқушының ұйқысы шала болса, оқуға ынтасы болмайды. Ал бұл сабақ үлгерімінің нашарлауына әкеліп соғады. Хронобиологтардың айтуынша бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін баланың ұйқысы қанып, оқуға зейіні арта түседі.
Болат Нұрхожаев, хронобиология маманы:
- Мына балалардың денсаулығы өзіңіз білесіз қазіргі таңда біздің барлық өңірлерде соның ішінде мынау шығыс жақтағы өңірлерде де балалар таң алдыңда мысалы 8-де сабаққа баратын болса олар 7-де тас қараңғыда тұруға мәжбүр. Бұл балалар ояна алмайды өйткені табиғатына қайшы. Балалардың ұйқы режимі ересек адамдардан бөлек қой. Балаларды сабақты 8-де бастатамыз да өзіміз 9-да бастаймыз жұмысты. Не себепті біз жұмысты балалармен бірге бастамаймыз. Себебі ол қиын екенін білеміз. Бірақ балаларды қинап жатырмыз.
Алтай мен Атыраудың арасындағы кең байтақ қазақ даласын 4 уақыт белдеуі кесіп өтеді. Алайда оның екеуі шекаралас аумақты ғана алып жатыр. Ал бірі биологиялық тұрғыда қолайсыз. Елдегі бірыңғай уақыт белдеуі халық үшін де, барлық сала үшін үшін ұтымды әрі тиімді болады, дейді мамандар.
Әлішер Әли, Өрден Жарқын