ШҚО-да этнос өкілдері алғыс айтты
Шығыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестік өкілдері Алғыс айту күніне орай пікір білдірді.
«Бейбіт заманда, татулық пен түсіністікте өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін ел халқына алғысымыз шексіз»,- дейді олар. Түрлі этнос өкілдері мереке күні облыстық тарихи өлкетану музейінде студенттермен кездесті. Қонақтар арасында неміс қауымдастығының жетекшісі Лидия Роот та бар. Оның отбасы кезінде Өскемен өңіріне жер аударылған. Қазақ халқының қамқор көңілі мен жомарт пейілінің арқасында өсіп-өнген Лидия қазір Қазақстанды өз Отаным деп есептейді. 80 жастағы кейуана аймақта вокалды ансамбль құрып, әлі күнге дейін қайырымдылықпен айналысады.
Лидия Роот, қалалық неміс этномәдени қауымдастығының жетекшісі:
- Қазақ халқы өте жанашыр, кез келген уақытта көмек қолын созуға даяр тұрады. Мен Қазақстанда туылғаныма қуаныштымын. Жастарымыз да бір-бірімен аралас-құралас болып өсіп келеді. Елімізде әрқашан бейбітшілік болғанын қалайм
Альфия Бақбаева, облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:
- Дархан дала елі әр уақытта өзге ұлтты өзегінен теуіп көрмеген. Әр уақытта нанын бөлісіп жеген. Сол себептен қазіргі таңда болашақ ұрпаққа біз осы мерекенің қаншалықты маңызды екенін айтып түсіндіруіміз керек.