Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды
Жемқорлыққа қатысты ауыр қылмыс жасады деген айыппен бұрынғы мәдениет және спорт министрі ұсталды.
Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Әзірге бұдан басқа ақпарат жарияланбады.