Талдықорғанда зейнеткерлерге арналған орталық ашылды
Талдықорғанда тағы бір «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды.
Мемлекеттік мекемеде егде жастағыларға арналған оннан аса үйірме жұмыс істейді. Оған 300 зейнеткер тұрақты келіп жүр. Олар қолөнермен айналысып, спортпен шұғылданады.
Бақберген Иманқұлов аяғын тік ұстап жиырма рет тартылады. Жетпіс жастағы ақсақалдың күн сайынғы жаттығуы осы. Сонымен қатар тоқтаусыз төрт жарым шақырым жүгіреді. Спортпен шұғылданғалы қарияның денсаулығы жақсара түскен.
Бақберген Иманқұлов, қала тұрғыны:
- Артроз, артрид болған екінші степень. Осының бәрі кетті. Мына жақта 99 процент ауру кісілер. Осының арқасында бәрі жүріп жүр. Мына жақта өзіміздің врачтар бар. бәрін қарайды. Күнде давлениені өлшейді.
Ләззат Ілебайқызы «Белсенді өмір сүру» орталығындағы дене шынықтыру және иога үйірмесіне қатысады. Зейнтекер спортан бөлек тіл үйренуге талаптанып жүр.
Ләззат Ілебайқызы, қала тұрғыны:
- Мен өзім кезінде неміс тілін оқығам қазір ағылшын тілін оқып жатырмын. Содан кейін туризм маған өте қатты ұнайтыны туризм. Тауларға барамыз көрмеген жерлерді көреміз. Үлкенді сыйлап мына үкіметтің. Үлкендерге қарап жастар да кәріліктен қорықпайтын болады.
Орталықта қырықтан аса адам жұмыс істейді. Олар шахмат, үстел тенисі сынды он екі үйірмеге жетекшілік етіп, компьютерлік сауаттылық және ағылшын тілінен сабақ береді.
Әсет Жексембі, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының басшысы:
- Наурыз айында қосымша жүзуден, бильярдтан ашылайын деп жатыр. Сол жерге топ топпен адамдарды бөлеміз барып қатысады. Күн жылыса көктемде жазда Алакөл, Балқаш жаққа мына өзіміздің Текеліге баруды жоспарлап отырмыз.
Жетісу облысында 90 мыңнан астам зейнеткер бар. Көбі Талдықорғанда тұрады. Саладағылар келесі жылы қаланың басқа бөлігінен және көршілес аудандардан осындай орталық ашып, егде жастағыларды спортқа тартуды жоспарлап көздеп отыр.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев