Алматыдағы зілзала: афтершок қаупі сейілмеді
Дүмпудың толқыны қайталануы мүмкін.
Бірақ қуаты әлдеқайда аз болады. Алайда сақтық шараларын әлі де қатаң сақтау керек. Бұл туралы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер орталығы хабарлады. Қазір мұнда арнайы комиссия құрылып, жағдайды бағамдап жатыр. Осыған байланысты орталық жергілікті халықты сағат 16:00-ге дейін арнайы орындардан кетпеуге шақырады.
Дәулет Сәрсенбаев, Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры:
- Қазіргі таңда афтершок болуы мүмкін. Қуаттылығы әлсіз сезіледі. Сабыр сақтап, халықты жинау бекеттерінде 16:00-ге дейін болыңыздар. Қосымша ақпаратты міндетті түрде жеткізетін боламыз.