Алматыда қоғамдық тәртіпті бақылау қатаңдатылды
Асыға-аптыға далаға жүгірдік. Жер сілкінісінен кейін дереу қауіпсіз орынға шыққан Алматы тұрғындары осылай дейді.
Жер қозғалған кезде тұрғындардың бірі үйде, енді бірі жұмыста болған. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс кестесіне ауыстырылды. Қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам тәртіп сақшысы қадағалайды. Төтенше жағдай департаменті мен құтқару қызметі ғимараттардың бүлінуін анықтап жатыр. Әуежай мен теміржол қалыпты режимде істеп тұр.
Күлтай Бердібекова, қала тұрғыны:
- Аяқ сезілмей кетті. Бірден апаларды алып, далаға шықтық. Қорықтым, әрине. Екі қызым үшін қорықтым. Паспорт, куәлік бәрі бізде сөреде тұрады. Алғашқы көмек. Сосын қатты жерлерде тұру керек.
Арлан Қарағайшиев, студент:
- Алғашында жеңіл ғана дір ете түсті. Спортзалдағы балалар ойнап жатқан болар деп ойладым. Содан соң гүрс ете қалды. Үрейленіп кеттім.